Швейцарияда қойма өртеніп, жеті адам жапа шекті

Швейцарияда қойма өртеніп, жеті адам жапа шекті

Швейцарияның Шпрайтенбах ауданында өндірістік ғимарат өртке оранып, 7 адам уланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар өндіріс орнынан шыққан түтіннен уланған. Жапа шеккендердің төртеуі ауруханаға жеткізілді. Ақпарға қарағанда, от битум сақталған қоймадан тұтанған. Апаттан Цюрих пен Берн қаласы арасындағы жол уақытша жабылды. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.