Бразилиядағы нөсер жауыннан құрбандар саны 84-ке жетті

Бразилиядағы нөсер жауыннан құрбандар саны 84-ке жетті

Бразилияның солтүстік-шығысындағы толассыз жауған жаңбыр салдарынан 44 адам құрбан болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нөсер соңы лай көшкініне ұласып, 2 ірі қаладағы үйлер мен жолдарды басып қалды. Билік тағы 56 тұрғынның із-түзсіз жоғалғанын және 4 мыңға жуық адамның баспанасыз қалғанын мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, елде соңғы 5 айда төртінші рет ірі су тасқыны болып жатыр.

Марсело Куиейрога, Бразилияның денсаулық министрі:

– Қажетті заттармен қамтамасыз етіп жатырмыз. Бүкіл штат пен шалғайдағы ауылдық жерлерді тұтас әрі бірдей қамтуға тырысамыз. Мұндай апаттың санын көргенбіз.