ДДСҰ: маймыл шешегі 23 елде анықталды

ДДСҰ: маймыл шешегі 23 елде анықталды

Ауруды жұқтырғандар саны 257-ге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұқтыруы мүмкін тағы 120 адам медициналық тексерістен өтті. Дәрігерлер вирус адам ағзасындағы шырышты қабыққа түскен сәттен қауіпті бола бастайды дейді. Дер кезінде емделмесе немесе тиісті вакцинаны салдырмаса, 10 науқастың біреуі көз жұмуы мүмкін. Мамандар маймыл шешегінің басты белгілері ретінде дене қызуы, бұлшықет, арқа мен бас ауруын атайды.