БҰҰ: 70 мыңнан астам адам босып кетті 

БҰҰ: 70 мыңнан астам адам босып кетті 

Конго Демократиялық Республикасында үкімет күштері мен бүлікшілер арасындағы қақтығыстан өткен аптада 72 мың адам баспаналарын тастап, босқынға айналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 7 мыңы Угандадан қоныс тапқан. Бұл туралы жуырда Біріккен Ұлттар Ұйымы хабарлады. Оның дерегі бойынша үйін тастап қашқандардың көбі Солтүстік Киву провинциясының тұрғындары. Өйткені қарулы қақтығыс дәл осы аймақта жүріп жатыр. Айта кетейік, өткен бейсенбіде ғана елдің шығысында әскер мен бүлікшілер арасында ірі қақтығыс орын алды. Негізі 2013 жылы екі тарап Кенияда бейбіт келісімге келген болатын. Бірақ соған қарамастан, M23 деп аталатын бүлікшілер тобы жуырда қайтадан үкіметке қарсы әрекетін бастады.