Италияға туристер ағыла бастады

Италияға туристер ағыла бастады

Италияда коронавирус шектеулері алынып, елге туристер ағыла бастады.

Қазірдің өзінде Ватиканға кіреберіс алдында күніне ондаған мың саяхатшы кезекте тұрады. Музейлерге де сұраныс жоғары. Локдаун кезінде билік тарихи орындарды бірнеше рет жапқан болатын. Пандемиядан қатты зардап шеккен ел биыл жазда туристер санын індетке дейінгі деңгейге жеткізуді көздеп отыр.

Акилле, Милан провинциясының тұрғыны:

- Біз Милан провинциясынан жаяу келдік. Жолға 7 күн кетті. Күн ыстық болды. Көп су іштік. Бірақ діттеген мақсатымызға жеттік. Бақыттымыз. Енді бізге осы саяхатымыз туралы куәлік беріледі. Сосын үйге қайтамыз.

Себастьян, швециялық турист:

- Ватиканға бірінші рет келіп тұрмын. Бұрын Колизейде болғанмын. Ватикан керемет жер екен. Осында келгеніме өте қуаныштымын. Швецияда қазір күн суық. Ал мұнда керісінше өте ыстық!