Украинаның Еуроодаққа кіру мәселесі таяуда шешіледі

Еурокомиссия Украинаның Еуропалық Одаққа кіру бойынша өтінішіне қатысты қорытындысын маусымның 15-і күні ұсынады.

Бұл туралы Франция Сыртқы істер министрі Катрин Колонна мәлімдеді. Осыдан кейін 24-25 маусым күндері мәселе Еуропа Кеңесінің отырысында қарастырылады.

Еске сала кетейік, президент Владимир Зеленский ақпанның 28-і күні Украинаны Еуропалық Одаққа қабылдау туралы Брюссельге өтініш жолдаған болатын. Ал сәуір айында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке ұйымға мүше болу бойынша келіссөзді бастау үшін сауалнама тапсырған еді.