Мексикада «Агата» дауылынан 10 адам қаза тапты

Мексикада «Агата» дауылынан 10 адам қаза тапты

Мексикада «Агата» дауылынан 10 адам опат болып, тағы 20 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.

Сағатына 170 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дүлей желден көптеген үй қирап бүлінген. Дауылмен бірге жаңбыр жауып, лай көшкіні жүрді. Кейбір елді мекендерді су басты. Қазір табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр. Мамандар бұл Мексиканың оңтүстік жағалауына соңғы 70 жылда соққан ең күшті дауыл деп отыр.  

- Қалада үйлердің шатыры ұшып, көптеген өндірістік ғимарат қирап қалды. Көшелерде құлаған ағаштардан аяқ алып жүре алмайсың.