Сальвадорда тергеу барысында 18 адам көз жұмған

Сальвадорда тергеу барысында 18 адам көз жұмған

Бұл туралы халықаралық Amnesty International ұйымы хабарлады. Адамдар көбіне полиция ұрып-соққандықтан немесе жеткілікті медициналық көмек көрсетілмегендіктен көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық ұйым өлім-жітім көрсеткіші тағы артуы мүмкін деп қауіптенеді. Қазір түрмелерде 500 адамға қатысты тергеу ісі жүріп жатқан көрінеді. Жалпы елде 27 наурыздан бері 36 мың күдікті қамауға алынған. Арасында 1 мыңнан астам бала бар. Бұл елде қылмыстық топтармен тиімді күрес жүргізу үшін осыдан 2 ай бұрын төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.