Қытайда жүрдек пойыз рельстен шығып, машинист қаза тапты

Қытайда жүрдек пойыз рельстен шығып, машинист қаза тапты

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында жолаушылар мінгескен жүрдек пойыз лай көшкіні салдарынан рельстен шығып кетті.

Салдарынан бір адам қаза тауып, сегізі жарақат алды, деп хабарлайды CCTV.

Пойыз Гуйян қаласынан (Гуйчжоу провинциясы) Гуанчжоуге (Гуандун провинциясы) бет алған. Апат Жунцзян станциясында болды. Онда кенет лай көшкіні болып, темір жолды басып қалған. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылар пойызының екі вагоны рельстен шығып кетті.

Қытай орталық телеарнасының мәліметінше, қаза тапқан адам пойыздың машинисі болған, сондай-ақ 8 адам жарақат алған. 

Жараланғандар ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Қалған 136 жолаушы шұғыл эвакуацияланды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.