Түркияда 3 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

Қазақстандықтар көп сапарлайтын Түркияда да референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұндағы жұрттың белсенділігі қалай? Түркияда дауыс беру қалай өтіп жатыр? Учаскеге келіп жатқан отандастардың қарасы көп пе?

Меруерт Қанағат, тілші:

-  Түрік елінде үш референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар дипломатиялық миссия өкілдіктеріміздің жанында ашылған Анкарадағы № 286,  Ыстамбұлдағы № 255 және Анталиядағы № 296 учаскелер. Жалпы Анадолыдағы референдумға қатысуға құқылы отандастарымыздың басым бөлігін осында білім алушы жастарымыз, дипломатиялық миссия мен халықаралық ұйым өкілдері және туристер құрайды. Сондай-ақ Түркия, халықаралық жиындардың мекені екені белгілі. Сондықтан бұл күндерде еліміздің бірқатар қоғам қайраткері, көрнекті өкілдері осында жүр.   

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:

- Бұл жалғыз менің емес, жалпы әрбір қазақстандық азаматтың парызы болу керек деп білемін. Себебі Ата заңға өзгеріс енгізу деген жыл сайын жәй сайлау емес. Онда біздің саяси үлкен маңызды шаруа. Мынау конституцияға бүгінгі заманға сай, келешек ұрпақтарға жол ашатындай үлкен іргелі өзгерістер енгізіліп жатыр.

Меруерт Қанағат, тілші:

- Жалпы түрік университеттерінде 3 мыңға жуық жастарымыз білім алады. Студенттер өздеріне ең жақын қаладағы референдум учаскесінде дауыс бере алады. Олардың арасында алғаш рет саяси науқанға қатысқандар да бар.

Әдемі Рахимгельдиева, студент:

- Бұл менің сайлау ең алғаш қатысуым. Яғни шетелде Түркиядағы № 286 референдум учаскесіне қатысуым. Бұл біз үшін, жастар үшін өте қажетті нәрсе. Еліміздің болашағы біз жастар үшін маңызды. Сондықтан азаматтық борышымды өтеу үшін келдім.   

Меруерт Қанағат, тілші:

- Мұнда да референдум учаскелері жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін істейді. Анкарадағы уақыт Нұр-Сұлтаннан 3 сағатқа кері. Сондықтан осындағы референдумның нәтижесі Қазақстан уақытымен 23:00-ден кейін белгілі болмақ. Дәл қазір менің қасымда Анкарадағы №286 сайлау учаскесі комиссия төрағасы Нуриддин Аманқұл тұр. Түркияда қанша отандасымыз тіркелген?

Нуриддин Аманқұл, № 286 учаске комиссиясының төрағасы:

Меруерт Қанағат, тілші:

- Мәселен, Түркияға енді ғана келген туристер референдум учаскелерінің мекен-жайын білмеуі мүмкін. Бару жолын дегендей. Осындай жағдайларда не істейсіздер? Сосын осында емделушілер де баршылық. Оларға арнайы жағдай қарастырылған ба? 

Нуриддин Аманқұл, № 286 учаскесі комиссиясының төрағасы:    

Меруерт Қанағат, тілші:

- Рақмет, Нуриддин Мырза! Анкара, Анталия және Ыстамбұлдағы референдум учаскелеріне келушілер қалың. Қазір мұнда күннің ортасы.