Бейжіңде індетке қарсы шектеулер жеңілдеді

Бейжіңде індетке қарсы шектеулер жеңілдеді

Бейжіңде індетке қарсы шектеулер жеңілдеді

Шаһарда мейрамханалар, кинотеатрлар қайта ашылып, жақын арада балалар мектепке барып оқитын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салайын, сәуірдің аяғында Қытай астанасында омикронг штамы өршіп кеткен еді. Осының салдарынан дәмханалар асын тек сыртқа сатып, балабақшалар жабылды. Ал оқушылар онлай оқуға ауысқан болатын. Бүгіннен бастап мейрамханаларға қонақтарды қабылдауға рұқсат етілді, бірақ санитарлық шараларды мұқият сақтауы тиіс.

Чжоу Хуэйцюнь, мейрамхана қызметкері:

- Орын санын екі есе қысқарттық.  Арнайы шкафта ыдысты дезинфекциялап, кейін қайнаған сумен өңдейміз. Әрбір қонақтан соң орындық пен өзге заттарды дереу зарарсыздандырамыз. Әр екі сағат сайын еденді жуып отырамыз.

20 маусымнан бастап балабақшалар жұмыс істей бастайды.  Өзен жағасында ПТР-тестсіз серуендеуге болады. Онда барлық бөгеттерді алып тастады. Індет өршіген кезде барлық қоғамдық орын жабылғандықтан, мұнда демалушылар саны күрт көбейіп, қоршаулар орнатылған еді. Енді ПТР-тесті күн сайын емес, үш күнде бір рет тапсыру қажет. Дегенмен шаһардың екі ауданында шектеулер күшінде қалды.