Польша отын жинауға рұқсат етті

Польша отын жинауға рұқсат етті

Польша билігі тұрғындарға орманнан шыбық, бұта жинауға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни көмірдің орнына бұта жағады. Мұнда да Украинадағы шиеленіс кесірінен энергия күрт қымбаттады. Оның үстіне таяуда Польша Ресейден көмір импорттауға тыйым салды. Соның салдарынан қыста жылуға қатысты қиындықтар туындауы әбден мүмкін.

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева