Берлинде біреу жұртты көлікпен қағып, бір адам көз жұмды

Берлинде біреу жұртты көлікпен қағып, бір адам көз жұмды

Берлинде тапа-тал түсте бір топ адамды көлік қағып кетті. 

Біреуі көз жұмып, онға жуық адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Оқиға орны қоршауға алынған. 130-дан астам маман жұмыс істеп жатыр.

Жергілікті полицияның дерегі бойынша түскі уақытта «Рено» көлігінің жүргізушісі көшедегі жаяу жүргіншілерді қағып, кейін дүкенге соғылған. Әзірге оның жазатайым оқиға әлде қасақана жасалған қылмыс екені белгісіз. Жүргізуші ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

Айта кетерлігі, 5 жыл бұрын Берлиннің дәл осы ауданында террорлық шабуыл болған еді. Сол кезде Анис Амри есімді террорист көлігімен адамдарды қағып өтіп, 12 адамды мерт етті.