Танылмаған ДХР соты шетелдік жалдамалы үш сарбазды өлім жазасына кесті

Өзін өзі жариялаған Донецк халықтық республикасының соты әскери қимылдар кезінде қолға түскен екі британиялық пен 1 маррокколықты өлім жазасына кесті.

Екі британдық Мариуполь қаласындағы ұрыс кезінде, ал марокколық осы шаһарға жақын жерде ұсталған. Оларға танылмаған республикадағы билікті басып алып, оның конституциялық құрылысын өзгертуге әрекет етті деген айып тағылған. Іс жабық түрде жүргізілді. Ақпарат құралдары шетелдіктер өздерінің кінәларын мойындағанын айтады. Ұлыбритания билігі іске қатысты алаңдаушылығын білдіріп, әскери тұтқындар Женева келісім-шартына сай қорғалуы тиіс деп мәлімдеді.