Еуроодақ Украинаға гуманитарлық көмек жібереді

Еуроодақ Украинаға гуманитарлық көмек жібереді

Еуропалық одақ Украинаға қосымша гуманитарлық көмек ретінде 205 миллион еуро бөлді.

Осылайша елге дәрі-дәрмек, азық-түлік пен қорғаныс киімдері жеткізілмек. Одақ өкілдерінің айтуынша, кәрі құрлық елдері әрі қарай қолдау көрсетуге дайын. Ал Украинаға арналған жүкті жылдам жеткізу үшін Польшада, Румыния мен Словакияда логистикалық хаб құрылған.