Иран МАГАТЭ-ның видеокамераларын сөндіріп тастады

Иран өзінің ядролық нысандарындағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің 27 камерасын алып тастады.

Бұл туралы МАГАТЭ-ның Бас директоры Мариано Гросси мәлімдеді. Тиісті құралдар аталған орындардың жұмысын бақылау үшін құрылған. Иран билігі мұндай қадамға батыс елдері Тегеран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты ақпаратты толық ашпай отыр деп сынаған соң барған.

Мариано Гросси, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры:

- Бұл қадам бізге Иранның өзіне алған міндеттерін орындауын қадағалау мүмкіндігін шектейді. Тараптар арасында түсіністік орнап, мәселе шешіледі деген үміттеміз. Агенттіктің ядролық нысандарды бақылауын шектеу жағдайды тек шиеленістіре түседі.