Перуде алтын қазушылар арасында қақтығыс болды

Перуде алтын қазушылар арасында қақтығыс болды

Перудің оңтүстігінде алтынды заңсыз жолмен қазушылар арасында қақтығыс болып, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға өткен аптада Лос-Чанкас кен орынында болған. Бірақ полицейлер марқұмдардың жартысының денесін жақында ғана тапты. Әлі 10 кенші із-түзсіз жоғалып, іздестіріліп жатыр. Оқиғаға қатысты 31 адам тұтқындалған.

Айта кетейік, Перу Латын Америкасындағы ірі алтын өндіруші мемлекет саналады. Былтыр бұл елде 100 тоннаға жуық алтын өндірілген. Бірақ оның 15 проценті заңсыз жолмен өндірілген.