Қытайда лай көшкінінен 7 адам опат болды

Қытайда лай көшкінінен 7 адам опат болды

Қытайдың Гуанси провинциясында толассыз жауын салдарынан лай көшкіні жүрді. 7 адам мерт болды.

Тағы бір тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы соңғы апталарда Қытайдың оңтүстігінде жауын-шашыннан 2 миллионға жуық адам зардап шеккен. Табиғат апатынан 3 мыңнан аса үй қираған. 300 мыңға жуық тұрғын баспанасын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Шамамен 600 млн долларға жуық шығын келген.