Ресей мен Қытай арасында көлік көпірі ашылды

Ресей мен Қытай арасында көлік көпірі ашылды

Ресей мен Қытай арасында алғаш рет көлікке арналған көпір ашылды. Ол Амур теңізі арқылы Ресейдің Қиыр Шығысындағы Благовещенск қаласынан Қытайдың Хэйхэ шаһарына тартылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа көпірдің ұзындығы 1 шақырымнан асады. Ал ені 20 метрдей болады. Онымен күн сайын 630 жүк көлігі, 164 автобус және 68 жеңіл көлік өте алады. Бірақ бастапқыда көпір арқылы тек жүк көліктері қатынамақ. Жалпы ауқымды жоба 2016-шы жылы басталып, 2020-шы жылы қолданысқа берілу керек еді. Алайда коронавирустан кейінге шегерілген. Ал алып құрылысқа 19 миллиард рубль жұмсалған.