Netflix «Кальмар ойынының» екінші маусымы болатынын ресми түрде жариялады

Netflix «Кальмар ойынының» екінші маусымы болатынын ресми түрде жариялады
Film.ru

Танымал оңтүстіккореялық «Кальмар ойыны» (Squid Game) телесериалының екінші маусымы шығады. Бұған дәлел – Netflix сайтында жарияланған режиссер Хван Дон-хектің хаты, деп хабарлайды ТАСС.

Бірінші маусымның басты кейіпкері мен антагонист экранға қайта оралады. Көрермендер сондай-ақ бірқатар жаңа кейіпкерлермен танысады.

Жаңа маусымның шығатын күні әзірге жарияланған жоқ.

«Кальмар ойыны» Netflix-тің ең сәтті телесериалы ретінде танылған. 2021 жылдың 17 қыркүйегінде шыққан сериалды көруге алғашқы төрт аптада көрермендер 1,65 миллиард сағаттан астам уақыт бөлген.