Йеллоустоун саябағы 34 жылдан бері алғаш рет туристер үшін жабылды

Йеллоустоун саябағы 34 жылдан бері алғаш рет туристер үшін жабылды
Mail.ru

АҚШ-тың солтүстік-батысында толассыз жауған жауын су тасқынына ұласты.

Салдарынан Йеллоустоун ұлттық саябағы 34 жылдан бері тұңғыш рет туристер үшін жабылды.

Жауын мен тауда еріген қар суы жолдарды шайып, кей жерлерді тас пен лай жауып қалған. Бірқатар көпір мен электр сымдарына да зақым келген. Әсіресе саябақтың солтүстік бөлігі қауіпті аймаққа айналды. Оның бәрін қалыпқа келтіру үшін айлар қажет.