ДДСҰ маймыл шешегінің өршуіне алаңдаулы

ДДСҰ маймыл шешегінің өршуіне алаңдаулы

Әлемде маймыл шешегі вирусының өршуіне байланысты ДДСҰ шүғыл комитет отырысын өткізбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда індеттің қоғамдық денсаулыққа қаншалықты қауіпті екені анықталады. Бұл туралы ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Оның айтуынша, вирус бұрынғыдан гөрі тез тарап барады. Күні бүгінге дейін маймыл шешегіне 1600 адам шалдыққан. Тағы мың жарым адам осы індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ем қабылдап жатыр. Қауіпті инфекция жаһанның 39 елінде тіркелді. Ал жыл басынан бері маймыл шешегінен 72 адам көз жұмды.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

Маймыл шешегінің өте тез өршуіне алаңдап отырмыз. Ауру бұған дейін мүлдем тіркелмеген елдерде жайылып барады. Сондай-ақ вирустың бұрынғыға қарағанда өзгергені байқалды. Сол себепті алдағы апта төтенше жағдай бойынша комитет отырысы өтеді.