Колумбияда кокаинді картоптың ішіне жасырып тасымалдағандар әшкереленді

Колумбия билігі картоп деп рәсімделген есірткінің жолын кесті. 1 тоннаға жуық кокаин Картахена айлағында анықталды.

Зиянды затты қаскүнемдер Испания мен Португалияға жібермек болған. Бірақ өндірілген күні көрсетілмеген тауарға күдіктенген полиция тінту жасаған. Билік картоп деп есірткі тасыған адамдарды іздеу операциясын бастады.