Украинаның Еуроодаққа мүше болу мәселесі 17 маусымда шешіледі

Украинаның Еуроодаққа мүше болу мәселесі 17 маусымда шешіледі

Еурокомиссия ертең Украинаның Еуроодаққа кіруге үміткер болу мәселесін шешеді.

Оң шешім қабылдану үшін "кәрі құрлық" ұйымына мүше елдердің барлық басшылары бір ауыздан қолдап дауыс беруге тиіс. Владимир Зеленский "үміткер мәртебесінің берілуі Украинаның Ресейге қарсы күресіне қосылған қомақты үлес болмақ" деп мәлімдеді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Біз Еуроодаққа кіруге үміткер мәртебесін алудың аз алдында тұрмыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл туралы ойлаудың өзі мүмкін емес еді. Украина үміткер атану үшін барын салды. Чехия парламентіне арнаған сөзімде "үміткер мәртебесін беру Украинаға ғана қажет емес, бұл Еуроодақ үшін де аса өзекті мәселе екеніне" назар аударуға шақырдым.