Канадада екпенің 15 млн дозасы бүлінді  

Канадада екпенің 15 млн дозасы бүлінді  

Канадада коронавирусқа қарсы вакцинаның 15 миллион дозасының көзі жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Препараттар бүлінбей тұрып, жергілікті билік қайырымдылық ретінде оларды өзге елдерге тапсырмақ болған. Алайда барлығы бұл ұсыныстан бас тартыпты. Біреулері сұраныстың төмен екенін алға тартса, басқалары екпені бөліп таратуға қатысты қиындықтар барын айтқан. Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері коронавирусқа қарсы вакцинаның теңдей бөлінуі мәселесін талай мәрте көтеріп келген. Өйткені Еуропа елдері препаратпен жақсы қамтылса, мәселен, Африкада иммундау көрсеткіштері өте төмен.