ЮНИСЕФ: 36,5 млн бала қаңғып қалды

ЮНИСЕФ: 36,5 млн бала қаңғып қалды

Былтыр әлем бойынша 36 жарым млн бала үй күйсіз қалды. Оның 13 миллион 700 мыңы басқа елдерге босып кетсе, қалғаны өз елінде тентіреп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мәліметті таратқан ЮНИСЕФ өкілдері "бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тіркелген ең жоғары көрсеткіш" деп хабарлады. Балалардың туған үйінен безуіне түрлі зорлық-зомбылық, қақтығыс пен басқа да дағдарыс себеп болған. Мамандар аталған тізімге Украинадағы қақтығыстан соғыс пен табиғи апаттар салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болған жеткіншек әлі енген жоқ дейді. Сондай-ақ сарапшылар соңғы 10 жылда әлемдегі босқындар саны 2 есе артқанын, оның тең жартысын балалар құрайтынын айтады.

Жан-Жак Саймон, ЮНИСЕФ Коммуникациялар бойынша жетекшісі:

- ЮНИСЕФ үйінен безіп, жақындарынан жыраққа кеткен балаларды қорғау мәселесіне қатты алаңдайды. Көбіне олар таза ауыз сусыз және қажетті дәрі-дәрмексіз ауыр жағдайда өмір сүруге мәжбүр. Мектепке мүлде бармайды.