Аргентинада халық жұмыспен қамтуды күшейтуді талап етіп жатыр

Аргентинада халық жұмыспен қамтуды күшейтуді талап етіп жатыр

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте мыңдаған адам қатысқан наразылық шеруі өтті. Қаланың орталық көшелерімен жүріп өткен адамдар Әлеуметтік даму министрлігі ғимаратының алдына жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шеруге елде инфлцияның шарықтап, халықтың әл ауқатының нашарлауы түрткі болған. Осыған байланысты адамдар биліктен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырып, мемлекеттік көмекті күшейтуді талап етіп жатыр. Осымен бірге адамдарды жұмыспен қамтуды арттырып, еңбек жағдайын жақсартуды сұрауда. Аргентина әлемде бидайды ірі экспорттаушы елдің бірі саналады. Бірақ Украинадағы ахуалға байланысты жанармай мен азық-түлік бағасы шарықтап, халық тұрмысы төмендеген. Елде инфляция деңгейі 70 процентке жеткен.