Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс қайта үдей бастады

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс қайта үдей бастады

Біраз тынышталып қалған Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс қайта үдей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Израиль мен Газа бір-бірін зымыранмен атқылап жатыр. Бұған дейін Газа Секторынан атылған зымыран Израильдің қорғаныс жүйесімен қағылған еді. Шекара маңы мен Ашкелон қаласында дабыл дыбысы естіліп, халық бомбадан қорғанатын жерге тығылған. Қарымта жауап ретінде жергілікті әскер Газадағы ХАМАС ұйымының нысандарына бірнеше рет шабуыл жасады. Екі жақтан да адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.