Түркияда ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Түркияның Бурса қаласында педагогикалық зерттеудегі инновациялар, жетістіктер мен проблемалар тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға елімізден 50 мұғалім қатысып, туыстас әріптестермен жүздесті. Ұстаздар түрік мектептерін аралап, жұмысымен танысты,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркиядағы қазақтардың ғылым және зерттеу қауымдастығы ұйтқы болған шара кейін Ыстамбұлда жалғасты.

Педагогтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жергілікті диаспора өкілдерімен кездесті.

Ебубекір Армаған,  Жібек жолы халықаралық қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы:

-Түркі дүниесінің барлық ынтымақтастығы жоғарғы деңгейде болуға міндетті. Саясаттан- білім беруге дейін, экономикадан басқа да елеулі салаларға дейін. Осы орайда, бүгінгі қос елдің оқыту жүйесінің салыстырмалы түрде өткен жиыны жемісті болды.

Оразгүл Мұхамеджанова, физика пәні мұғалімі:

- Педагогтардың білім ұшқырлығын арттыру, ой көкірегін кеңейту, өзара заманауи пікір алмасумен тәжірибені бөлісу мақсатында осы конференция жас буынға білім беру барысындағы ғылыми инновациялық, тәрбиелік өнегелік маңызының зор екенін айтқым келеді.