Ауғанстан астанасы Кабулда орналасқан индуистік ғибадатханада үш мәрте жарылыс болды

Лаңкестік әрекеттен екі адам көз жұмды.

Тағы 7 тұрғын түрлі жарақат алған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша аймақта қарсылас тараптар арасында атыс басталған. Қазір тәліптер аймақты өз бақылауына алды. Қанды оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым мойнына алған жоқ. Тергеу ісі жалғасып жатыр.