Шавкат Мирзиёев Конституцияға түзетулер енгізуден референдум өткізуді ұсынды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша рефрендум өткізуді ұсынды.

Парламент әзірлеген түзетулер жобасын қоғам талқылауына шығарып, референдум арқылы қабылдау қарастырылып отыр.

Шавкат Мирзиёев 2021 жылы қазан айында екінші мерзімге сайланғаннан кейін бірден елдің Ата заңын жаңартуды ұсынған. Мамыр айының соңынан елде Конституциялық комиссия жұмыс істеп жатыр.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, түзетулер адам құқықтарын күшейтуге бағытталған. Өзбекстан сенатының вице-спикері жаңа Конституция қабылданғанан кейін президенттік мерзім де жаңадан саналуы мүмкін деген.