Шри-Ланка билігі жанармай үнемдеу жолын ойлап тапты

Шри-Ланка билігі жанармай үнемдеу жолын ойлап тапты

Венгриядағы көлік жүргізушілері арзан бағаға жанармай сатып ала алады. Бұл жеңілдік қазанға дейін сақталады.

Аталған шара инфляцияға қарсы күрес аясында қабылданған. Осылайша республикадағы жанармай Еуроодақтағы ең арзан отынға айналды. Литрі 1 еуроға да толмайды. Ал өзге еуропалық елдерге 2 есе қымбат. Осыған байланысты Венгрияда "жанармай туризмі" қарыштап жатыр. Бірақ Будапешт бұл артықшылықты шетелдіктер үшін шектеп тастады.

Виктор Орбан, Венгрия премьер-министрі:

- Төтенше жағдай шұғыл шараларды қажет етеді. Мұндай кезеңде ортақ ережені ұстану міндет емес. Өйткені венгр халқының мүддесін қорғайтын басқа амал жоқ. Жанармай қымбаттаса, басқа өнімдердің де бағасы көтеріледі. 

Шри-Ланкада мемлекеттік қызметкерлер онлайнға ауыстырылды

Шри-Ланкада жанармай үшін сағаттап кезекке тұру қалыпты жағдайға айналған. Азық-түлік бағасы да аспандап кетті. Сарапшылар елде мұндай қымбатшылық 70 жылда болмаған дейді. Мемлекеттік қызметкерлер онлайн жұмысқа ауыстырылды. Мектептер де қашықтан оқытуға көшпек. Бірақ бұл үшін елді мекенде электр жарығы мен интернет болуы қажет. Мамандар алда азық-түлікке мұқтаж азаматтар саны 5 миллионға жетуі мүмкін деп қауіптенеді.

- Бұрын күніне  75 қап күрішке дейін сататын едік. Қазір бір қабын да сата алмайсың. Себебі бағаны көтеруге мәжбүрміз. Ал халықта ақша жоқ.

Пәкістан астанасында ашынған топ шеруге шықты

Олар азық-түлік пен басқа да зәру заттардың қымбаттағанына қарсы бас көтерген. Жергілікті рупий де қатты құнсызданған. Наразы топты көшеге шығуға бұрынғы премьер-министр Имран Хан шақырған. Ол 3,5 жылдай билікте болып, сәуірде парламент оны алып тастаған болатын.

Лайба Хан, ереуілші:

- Бағалар аспандап барады. Қазір елдегі инфляция деңгейі өте жоғары. Үкімет түк істей алмай отыр. Имран Хан ел басқарған кезде мүлде қымбатшылық болмаған еді. Біз қалай да Имран Ханды билікке қайта әкелуіміз керек. 

АҚШ-қа инфляцияны төмендетуге 2 жыл керек  

АҚШ билігіне инфляция деңгейін 2 пайызға дейін түсіру үшін кемінде 2 жыл қажет. Федералды қор банкінің президенті Кливленд Лоретта Местер осындай болжам жасады. Ол бағаға кері әсер етіп отырған шамадан тыс сұранысты қанағаттандыру шарасын да ұсынып отыр.