Нью-Йорктегі атыстан бір адам көз жұмды

Нью-Йорктегі атыстан бір адам көз жұмды
NBC News

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Гарлем ауданында белгісіз біреу адамдарға оқ атып, 1 адам қаза тапты және сегізі жарақат алған.

Бұл туралы жергілікті NBC News жариялады. Полиция жарақаттанған бес адамды ауруханаға жеткізді. Тағы төрт зардап шегуші медициналық мекемеге жеке көлігімен барған. Жарақаттанғандардың бірі 21 жастағы баскетболшы алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды. Кейінірек оның Дариус Ли екені анықталды, ол оқиға орнынан бір квартал жерде тұрған. Жаппай атыстың себебі мен күдіктілер туралы ақпарат әзірге жоқ. Полиция оқиға орнынан атыс қаруын тапты. Бұған дейін Вашингтондағы мерекелік концертте атыс болып, адамдар қаза тапқаны туралы хабарланған еді.