Түркияда орман өртенді

Түркияда орман өртенді

Түркияның Мугла провинциясында орман өртенді.

Жалын Мармарис курортына жақын Бордубет ауданы маңында тіркелген. Ақпарат құралдары апат ауданында елді мекен аз, бірақ желден өрт тез тарап жатқанын айтады. Табиғат апатынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны әлі беймәлім. Жергілікті билік өткен жылғы табиғат апаты қайталана ма деп алаңдап отыр. Ол кезде елдің 13 провинциясында орман өртеніп, жүздеген адам жарақат алған еді.