Түркияда Мармарис маңында орман әлі өртеніп жатыр

Түркияда Мармарис маңында орман әлі өртеніп жатыр

Түркияда Мармарис маңында орман әлі өртеніп жатыр

Түркияның Мармарис курорты маңында 200 гектар жерге тараған жалынның едәуір бөлі ауыздықталғанымен, өрт әлі толық сөндірілген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Орман шаруашылғы министрі мәлімдеді. Табиғат апаты аймағынан 150 адам эвакуацияланған. Тілсіз жаумен 1 жарым мыңға жуық өрт сөндіруші күресіп жатыр. 400-ге жуық көлік және 30-дан астам ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, былтыр Түркияның Жерорта және Эгей теңізі аймағындағы оннан астам провинцияда орман отқа оранып, жүздеген адам жапа шеккен еді.