Еуроодақ Украинаға одақ мүшелігіне үміткер мәртебесін беруге дайын

Еуроодақ елдері Украинаға одақ мүшелігіне үміткер мәртебесін беруге дайын.

Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Тиісті шешім енді 23-24 маусым күндері кәрі құрлық елдерінің басшылары бас қосатын саммитте жарияланбақ.

Айта өтейік, бұған дейін Еурокомиссия Украинаға Еуроодақ мүшелігіне үміткер мәртебесін беруді ұсынған еді. Бірақ батыс басылымдары Еуроодақ құрамына кіруге үміткер болғанның өзінде Украинаға одақ қатарына қосылу үшін көп жыл қажет екенін айтады.