Перуде 5 мыңға жуық қару тәркіленді

Перуде 5 мыңға жуық қару тәркіленді

Перу полициясы 5 мыңға жуық қару тәркіледі. Арасында тапанша мен мылтықтың сан алуан түрі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл операция соңғы 3 ай бойы елдің барлық аймағында жүргізілген. Іс-шараға қатысқан ішкі істер министрі тәркіленген қару-жарақ қылмыстық топтардың қолына түсуі әбден мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ рейд барысында бірнеше күдікті қамауға алынды. Былтыр Перуде қылмыс деңгейі айтарлықтай артқан. Бір жылдың ішінде ел астанасы Лиманың өзінде 70 мың қарулы шабуыл жасалған.