Түркия Әзербайжаннан жер алады

Анкара мен Баку ауыл шаруашалығы бойынша ынтымақтастық орнатады.

Бұл туралы Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Анадолы еліне Әзербайжан жалға жер береді. Онда түрік топырағында өспейтін өнімдер егіледі.

Министрлік өкілінің хабарлауынша, бұл шара азық-түлік дағдарысының алдын алуға бағытталады. Сонымен қатар осындай келісім-шарттар алдағы уақытта Қазақстан, Венесуэла мен Алжир сияқты он мемлекетпен де жасалуы мүмкін.