Грекияда саяхатшылар көбейді

Грекияда саяхатшылар көбейді

Пандемияға дейін бұл сала мемлекет кірісінің 12,5 процентін құрап келген.

2019 жылы грек жеріне 34 миллион шетелдік саяхаттаса, 2020 жылы 7,4 миллионға дейін азайыпты. Билік шектеулердің жойылуымен шетелдіктер қарасы артатынына сенімді.

Дженни, колумбиялық саяхатшы:

Пандемия кезінде шектеулерден қаңырап бос қалған шаһарлардың адамдарға қайта толғанын көру қандай ғанибет. Адамдар емін-еркін қатынап, бәрі қалпына келіп жатыр.