Италия астанасын көруге асыққан туристер саны артқан

Италия астанасын көруге асыққан туристер саны артқан

Италияда сәуір айында коронавирусқа қарсы шектеулер алына салысымен шетелдіктер легі артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік, әсіресе, Римді көруге ағылған америкалық саяхтшылар қарасы көбейгенін айтады. 

Бернабо Бокка, Италия қонақ үйлер қауымдастығының президенті:

– Көктемде ковидке қарсы шектеулер алынған соң америкалықтардың қонақ үйлерге тапсырыс беруі күрт өсті. Әрине бұған дейін ресейлік туристер мен Қытай, Оңтүстік Корея, Тайвань, Жапония азаматтары елімізге саяхаттаушы туристердің қомақты бөлігін құрап келген еді. Бірақ қазір олардың бәрінің орынын америкалықтар жауып отыр десек болады.

Стефани Ороско, америкалық саяхатшы:

Шектеулер алынып, бұрынғыдай еркін саяхаттауға мүмкндік туды. Пандемиядан кейін қалыпты өмірдің оралып жатқанын көргенге не жетсін.