Қытайда кеме қақ бөлініп қалды

Оңтүстік Қытай теңізінде инженерлік кеме суға батты.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, алып жүк көлігі қақ бөлінген. Апат Гонконг портынан 300 шақырым жерде болған. Құтқарушылар борттағы 30 адамның тек үшеуін ғана аман алып шықты. Қалған 27-сі іздестіріліп жатыр. Мамандар іздестіру жұмыстарына "Чаба" тайфуны кедергі болып тұрғанын айтады. Өйткені жел күшейіп барады. Әзірге апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз.