Ш.Мирзиёев Қарақалпақстанның егемен мәртебесін өзгеріссіз қалдыруды ұсынды

Көрші ел басшысы Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстандағы толқыған халықты сабырға шақыру үшін Нүкіс қаласына барды.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, Өзбекстан конституциясындағы 70, 71, 72, 74 және 75-бап редакциялары өзгертілмейтін болды. Қарақалпақстан Республикасының егемендік мәртебесі және қалаған уақытында референдум арқылы Өзбекстан құрамынан шығу мүмкіндігі сақталады. Шавкат Мирзиёев осы мақсатта жергілікті Жоғарғы кеңес депутаттары, ақсақалдар және актив өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр.

«Ата заңға енгізілетін түзетулер әлі талқылану үстінде. Өзгерістер соның нәтижесінде қабылданады», - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.