Иракта құмды дауыл соқты

Иракта құмды дауыл соқты
BBC

Ирак астанасын құмды дауыл басты. Ондаған адамның тыныс алуы қиындап, ауруханаға түсіп жатыр.

Осыған байланысты шаһар билігі тұрғындарды мүмкіндігінше көшеге шықпауға шақырып жатыр. Табиғаттың тосын мінезі көлік қозғалысына да кері әсерін тигізген. Айналаны көру қиындап кеткендіктен Бағдаттағы халықаралық әуежай уақытша жұмысын тоқтатты.