Қытайда тайфун кезінде жоғалған адамдар іздестіріліп жатыр

Қытайдың Гуандун провинциясы жағалауында із-түзсіз жоғалып кеткен 27 адамды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Оған бірнеше ведомство жұмылдырылған. Кемелер мен ұшақтар тартылды. Естеріңізге сала кетейін, жуырда аталған аймақта "Чаба" тайфуны соғып, салдарынан суда қалқып жүретін кран апатқа ұшыраған болатын.   

Чжуан Фэньцюань, Гуандундағы іздестіру-құтқару орталығы басқармасы директорының орынбасары:

- Аталған оқиға бойынша құтқару күштерінің құрамына Гонконгтың Мемлекеттік әуе қызметі, кәсіби іздестіру-құтқару ұшақтары қосылды. Қазіргі уақытта біздің қолымызда құтқару жұмыстарына арналған бір ұшақ және төрт тікұшақ бар. Бұдан бөлек, бұл іске бірнеше кеме жұмылдырылды.  

ИТАЛИЯДА МҰЗДЫҚТЫҢ БІР БӨЛІГІ ОПЫРЫЛДЫ

Ал Италияның солтүстігінде Мармолада мұздығының бір бөлігі опырылды. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 8 кісі жарақат алды. Жоғалып кеткен азаматтар да бар. Сондықтан аймаққа құтқарушылар тартылды.