Сиднейде толассыз жауын су тасқынына ұласты

Сиднейде толассыз жауын су тасқынына ұласты

Сиднейде толассыз жауынның соңы тасқынға ұласты. Соның салдарынан ондаған үй мен әлеуметтік нысан суда қалды.

Жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтады. Осыған байланысты жергілікті билік апатты аймақта қалған 32 мың адамды қауіпсіз жерге көшіруге тапсырма берді. Жалпы зардап шеккен тұрғындарға қазір жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.