Мексикада саргасс балдыры қаптап кетті

Мексикада саргасс балдыры қаптап кетті

Кариб теңізінің жағалауында саргасс балдыры қаптап кетті. Бұл құбылыс туристерді айнытып, жергілікті кәсіпкерлерді шығынға батырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теңіз жүзімі деп аталатын саргасс балдыры жылы теңіздерде тараған. Әсіресе Саргасс теңізінде көп, атауы да содан шыққан. Балдыр түрінің құрамында улы заттар үлесі көп және ол адам мен жануарға қауіпті. Ауа-райының жылынуына байланысты, 2014 жылдан бері саргасс балдыры Мексика жағалауында көбейе бастады.

Тери Грегори, турист:

Бұл осы жердің табиғи сұлулығына әсер етті. Кариб теңізінің көгілдір суының рахатын көре алмағандықтан, бұл құбылыс туристтерді айнытады. Жеке өзім енді жылдың осы мезгілінде мұнда келмеймін.