Түркия Украина астығына қатысты араағайын болуды ұсынды

Түркия Украина астығын шығаруға қатысты Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерге араағайын болуға дайын.

Бұл туралы президент Реджеп Тайип Ердоған мәлімдеді.

Айтуынша, келіссөз жүргізу арқылы мәселені жедел шешуге болады.

Айта кетейік, Украина әлемде бидай, жүгері және күнбағыс майын экспорттаушы ірі елдердің бірі. Бірақ Ресей порттарды қоршауға алып, Украина астығын әлемдік нарыққа шығару тоқтап қалған еді. 

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Қазір біздің елде бидай тапшылығы жоқ. Бірақ мәселе дүние жүзінде өткір сезіліп отыр. Әсіресе бидай Африка елдеріне жетпей жатыр. Сондықтан БҰҰ аясында екі елге арағайын болсақ деген ниет бар. Осы мақсатта алдағы 10 күннің ішінде келссөздерді жандандырамыз және ол нәтижелі болады деген үміт басым.