Пәкістанда су тасқынынан 6 адам қаза тапты

Пәкістанда су тасқынынан 6 адам қаза тапты

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы маусымдық жауын соңы су тасқынына ұласты. Соның салдарынан 6 адам көз жұмды. Арасында балалар да бар.

Табиғи апаттың алдын алу агенттігінің хабарлауынша, көз жұмғандар қатары әлі артуы мүмкін. Өйткені бірнеше адам жоғалып кеткен. Пәкістанда маусым айынан бері топан судан 38 азамат қаза тапты.