АҚШ-та динозавр қаңқасы сатылып жатыр

Нью-Йоркте осыдан 77 миллион жыл бұрын өмір сүрген динозаврдың бір түрі Горгозаврдың қаңқасы аукционға сатылымға қойылады.

АҚШ-та табылған жыртқыштың бойы 3 метрден асса, ұзындығы 6 метрге жетеді. Ғалымдар оны 2018 жылы Монтана штатындағы Джудит өзені маңынан тапқан. Шараны ұйымдастырушы ежелгі дәуірдегі жыртқыш қаңқасы 7 миллион долларға сатылаДЫ деп топшылап отыр. Бәссауда шілденің 28-іне жоспарланған.

Кассандра Хаттон, SOTHEBY'S сауда үйінің вице-президенті:

- Бұл Горгозаврдың сүйектері жақсы сақталған. Оның ғылым әлемі үшін құндылығы зор. Қазір мұндай динозаврлардың бірнеше қаңқасы ғана бар. Олардың бәрі мұражайларда тұр.