АҚШ-та коронавирус жұқтыру деректері артты

АҚШ-та коронавирус жұқтыру деректері артты
BBC

Джон Хопкинс университеті келтірген мәлімет бойынша, соңғы тәулікте 180 мың науқас тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басым бөлігінде омикронның New BA.5 деген түрі анықталған. Осыған байланысты жергілікті мамандар жұртты екпе алуға шақырып жатыр.

Джеймс Конуэй, халықты иммундау бағдарламасының профессоры:

- Аталған вирус қалай өзгеретінін болжап айту қиын. Өйткені ол әлі де түрленіп жатыр. Уақыт өте адам иммунитеті оңы жеңуге қауқарсыз болып қалуы мүмкін. Сондықтан азаматтарды қосымша вакцина алуға шақырамыз. Бустерлік екпенің арқасында тұрғындар өздерін коронавирустың жаңа штамдарынан қорғай алады деп сенеміз.